Шынайы мү'міндер 💚 📝Күйеуімен ұрысып, оның бірінші келіп кешірім сұрауын күтіп жүретін әпке-қарындастарға арналған хадис: Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Сендерге жәннаттық әйелдерді айтайын ба? Ол әрбір ерін сүйетін, жемісті (баланы көп туатын) және күйеуімен ренжіскенде оған бірінші барып, «сіз разы болмайынша ұйықтамаймын»,- дейтіндер». Хадисті әт-Табарани «Му’джам әл-Қабир» 14/307 кітабында келтіреді. Хадисте күйеуі ренжіткен әйел немесе өзі күйеуін ренжітіп, ашуландарған әйелдерге насихат айтылады. Шариғат бізді осылай үйретеді. Мұны бізге барлық ерлер мен әйелдерді Жаратушыдан, Оның Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізген. Осыған орай, әрбір әпке-қарындасымыз күйеуімен қарым-қатынаста нені басшылыққа алатынына мұқият зер салсын: -голливудтық фильмдерден бе? -әртүрлі сериалдардан ба? -әлеуметтік желідегі сан қилы топтардың «ақылды» жазбаларынан ба? -діннен алыс ата-анасынан алған тәрбиесінен бе? Егер де қайсыбір, әпке-қарындасымызға шайтан келіп, «егер солай жасайтын болсаң күйеуің сенің мойныңа отырып алады» дейтін болса: Біріншіден, Алладан лағынеті шайтаннан пана сұрасын. Адамға (алейхиссалям) сәжде етудегі тәкаппарлығындай, шайтан әрдайым Алланың бұйрықтарына қарсы шығып отырады және әрқашан өзінің азғыруын барлығынан жоғары қояды. Екіншіден, Алланың сөздерін есіне алсын: أَلَا يَعْلَمُ مَنْ خَلَقَ «Жаратқан білмей ме?! Ол – Латиф (ешкім көре де, сезе де алмайтын нәрселерді көріп, сезе алушы, шексіз іліммен жүрек түкпірінде жатқан ең құпия сырлардың бәрін білуші), Хабир (бәрінен толық хабардар болушы)». Яғни, ерлер мен әйелдерді Жаратқанның мұндай мәселелерді қалай шешілетінін білетіндігі. Үшіншіден, тағы да Алланың сөзіне көз салсын: وَلَا تَسْتَوِي الْحَسَنَةُ وَلَا السَّيِّئَةُ ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ فَإِذَا الَّذِي بَيْنَكَ وَبَيْنَهُ عَدَاوَةٌ كَأَنَّهُ وَلِيٌّ حَمِيمٌ «Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды. Сен жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең керемет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас дұшпан болған адамның жан досыңа айналғанын көресің». Аллаһтан бізді шынайы сүннетке үйретуін және оны бар жан-тәнімен орындауымызды, амал етуімізді сұраймыз! Әмин!

Теги других блогов: хадис Шынайы мү'міндер Жаратушы